Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі жылға сотталды

23.08.2024

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан ер адам 2 жылға сотталды. Кінәлі деп танылған Нұрболат Дәкебаев жәбірленуші тарапқа 2 700 000 теңге моральдық шығын төлейді.

Естеріңізге сала кетсек биыл қаңтар айында күдікті жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып, оқиға орнынан із суытты. Полиция оны бірнеше күн іздеп Қарағандыдан 200 шақырым жердегі ауылдан тапты.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу