Индонезияда сайлау заңын өзгертуге қарсы ауқымды шерулер өтті. Соңғы мәліметке қарағанда, мыңдаған адам ел астанасы Джакартадағы Парламент үйінің жанына жиналды. Демонстранттар ішке кіруге әрекеттенгенде, полицейлер оларды тарату үшін көзді ашытатын газ бен су шашатын машиналарды пайдаланған. Мұндай манифестациялар Макассар мен өзге де ірі қалаларда өткен.
Шерушілердің айтуынша, биліктен кетіп бара жатқан президенттің жақтастары парламенттегі басымдығын пайдаланып, заңдарды өз мүддесіне сай өзгертіп, саяси династия құрып жатыр. Дегенмен кейбір мәліметтерге сай, қарсылық акциялары басталғаннан кейін депутаттар сайлау заңын өзгерту жоспарынан бас тартқан.
Арыстан Рысбек