Камала Харрис АҚШ президенттігіне кандидаттықты ресми түрде қабылдады. Бұл туралы мәлімдемені ол Демократиялық партияның Чикагода өткен съезінің соңғы күнінде жасады. Жиында Харрис сөз сөйлеп, барлық америкалықтың президенті болуға уәде берді.
Құрама Штаттарда президенттік сайлау биыл қарашаның 5-де өтеді. Онда негізгі мемлекеттік пост үшін Харрис пен республикалық үміткер Дональд Трамп бақ сынайды.
Камала Харрис, АҚШ вице-президенті:
Мен Америка Құрама Штаттары президенттігіне кандидаттықты тарихы осынау ұлы жерде жазылатын барлық адамдардың атынан қабылдағым келеді. Осы ретте күйеуіме, біздің президент Джо Байден мен оның зайыбына, сонымен қатар болашақ вице-президент Тим Уолцқа алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Арыстан Рысбек