Жаңа салық кодексі инфлияцияға апаруы кәдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа салық кодексі инфлияцияға апаруы кәдік

23.08.2024

Инфляцияның өсуі, ұлттық валютаның құнсыздануы, бизнестің банкротқа ұшырауы. Қыркүйекте қабылданатын жаңа «Салық кодексінің» салдары осындай болуы мүмкін дейді мамандар.

Құжат «Қазақстан құрылысшылар одағының» ұйымдастыруымен өткен жиында талқыланды. Ұсынылған кодексті талқылауға бизнес-қоғамдастық өкілдері қатыспаған. Ал құжатты зерттеу барысында кемшін тұстары анықталған. Уәкілетті орган өз кезегінде кемшіліктердің 70 пайызы шешімін тапқанын айтып, құжат қабылдау кезінде уақыт тапшылығы болғанын алға тартады. 

Сәкен Карин, «Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығы» басқарма төрағасы:

Бұл нәрсе бізде маусымның аяғынан бастап, 15-шілдеге дейін өткізілді. Бірақ кейін Ұлттық экономика министрлігі 24-шілдеде өзінің сайтында басқа «Салық кодексін» қайтадан ұсынып жатыр. Ондай жағдайда бізде 19-бап бойынша кодекстің жобасы қайтадан жаңа айтылған Ашық НҚА деген ресурсқа жіберілу қажет. Ол жұмыс жасалған жоқ.


Мақпал Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу