Суданда тырысқақ ауруына шалдыққандар саны 600-ге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда тырысқақ ауруына шалдыққандар саны 600-ге жуықтады

22.08.2024

Суданды жайлаған гуманитарлық дағдарыс тырысқақ ауруының өршуіне себеп болды. Соңғы мәліметке қарағанда, шілдеден бері 600-ге жуық адам холераға шалдыққан. Мұны осы елдің Денсаулық сақтау министрі Хайтам Мұхаммед Ибрахим мәлімдеді. Оның дерегінше тырысқақтан соңғы бір айда 28 адам қайтыс болған. Бұл мемлекетте азаматтық соғыс былтыр көктемде басталды. Содан бері санитарлық жағдай нашарлап, түрлі аурулар тез тарап жатыр.

Бұған қоса Судан қазір әлемдегі ең үлкен ашаршылыққа ұшырап, 25 миллион адамды тамақтандыру өзекті проблемаға айналып отыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу