Үкімет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмысын күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмысын күшейтуді тапсырды

22.08.2024

Өсімдік шаруашылығын қолдау үшін шаруаларға жеңілдікпен қаржы беріледі. Пилоттық жоба жемісін берсе, ел бойынша жалғасады. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің отырысында айтылды.

Сондай-ақ холдинг қызметінің, оның еншілес құрылымдарының нәтижелері мен отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Мемлекеттік даму институттары есебінен қаржыландырылатын жобаларда - елішілік құндылықтың үлесі жоғары болуы тиіс екенін атап өтті Премьер-министр.


Хабарламаларға жазылу