Қазақстан мен Тәжікстан тек көршілес ел емес, қос мемлекетті ғасырлар бойы қалыптасқан тарих та байланыстырады. Ал мәдени-рухани алмасу екі елдің тығыз қарым-қатынасының маңызды бөлігі, - дейді мәдениеттанушы Бердалы Оспан.
Бердалы Оспан, мәдениеттанушы:
Біздің қарым-қатынасымыз ғасырлар қойнауынан басталады. Бізде ортақ мереке бар - Наурыз. Сол Наурыз мерекесі Фирдоусидің «Шахнеме» жырында айтылады. Бұл да екі халықтың қарым-қатынасының белгісі. Бұл «Шахнемені» қазақтар бөлектеген жоқ. Президентіміздің бұл сапары байырдан келе жатқан қазақ пен тәжіктің достығын салт деп айтуға болады. Осыған игі әсерін тигізеді.
Айдана Қуантхан