Қарағанды облысында «Таза бейсенбі» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

22.08.2024

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Аманат партиясының бастамасымен өткен шараға 100-ге жуық еріктілер қатысты. Табиғат жанашырлары ауданның ең көрнекті орындарының бірі «Даңқ Алаңы» мен «Бұқар жырау» ескерткішінің маңайын сырлап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан акцияға әрбір аудан, ауылдар да белсенді қатысуда.

Жанұзақ Макишев, Ботақара кенті БПҰ төрағасы:

Барлық жерлерде «Таза бейсенбілік» - сенбілік өткізілуде. Оған «Жасыл ел» жасақтары, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық маслихаттың депутаттары және партия мүшелері атсалысуда. Тазалық – парызымыз әрі денсаулық кепілі.


Жандос Бақытұлы 

Хабарламаларға жазылу