Жалақысы жоғары азаматтар МӘМС-ке көбірек жарна төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалақысы жоғары азаматтар МӘМС-ке көбірек жарна төлеуі мүмкін

22.08.2024

Алдағы уақытта жалақысы жоғары азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына көбірек жарна төлеуі мүмкін. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты. Талап бойынша МӘМС-ке аударылатын жарна табыстың 2 пайызын құрайды. Алайда бұл айлығы 850 мың теңгеден асатын тұрғындарға жүрмейді. Себебі 850 мың теңгеден артылған сомадан МӘМС жарнасы алынбайды. Әбілқайыр Сқақов аталған мәселені сала министрлігі қарастырып жатқанын айтты. Бұдан бөлек МӘМС жүйесінен тыс қалған 3,4 млн қазақстандықтың мәртебесін жаңартып, сақтандырылған ел тұрғындарының үлесін 97 пайызға дейін көтеру міндеті тұр.

Әбілқайыр Сқақов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы:

Бізде қазір заңда көзделген жарналар олар 10 минималдық айлықпен шектелген 850 000 теңгемен. Одан көп жоғары айлық болса осы 850 000 теңгемен шектеледі. Сондықтан қазір ДСМ осы мәселені есептеп қарастырып жатыр. 50 минималдық айлыққа дейін көтеру қарастырылып жатыр.


Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу