Қарағандыда жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот қайта жалғасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот қайта жалғасты

22.08.2024

Қарағандыда жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Халық наразылығын тудырған іс бойынша тыңдау онлайн режимде өтеді. Күдікті Нұрболат Дакебаевқа зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша айып тағылған еді.

Алғашқы сот отырысы 6 наурызда өтті. Адвокат жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілгенін мәлімдеп, қосымша сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етті. Судья өтінішті қанағаттандырып, істі сотқа дейінгі тергеу сатысына қайтарған. Енді күдіктінің ісі қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қаралады.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға биыл қаңтар айында тіркелді. Күдікті қаладағы ауланың бірінде жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу