Иран президенті мінген тікұшақ апатының себебі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран президенті мінген тікұшақ апатының себебі жарияланды

22.08.2024

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатына бортта адамның көп болуы себеп. Ислам Республикасының «Фарс» агенттігі арнайы қызметтегі дереккөздерге сүйеніп, осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса агенттіктің хабарлауынша, құлаған тікұшақ сынықтарынан оқтың немесе жарылыстың іздері табылмаған.

Алайда Иран армиясының бас штабы көп кешікпей бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын айтты. Дегенмен әскерилер осыдан 3 ай бұрын болған апаттың нақты себебін атаған жоқ.

Экс-президент Раиси отырған тікұшақ мамырдың 19-да құлады. Сол апаттан Иранның Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмат пен тағы бірнеше адам қаза тапты.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу