Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентінің шақыртуымен Душанбеге мемлекеттік сапармен бармақ. Деңгейі жоғары сапар екі күнге, яғни 22-23 тамызға жоспарланған. Лидерлер шағын құрамда кездесіп, ауқымды келіссөздер өткізеді деп күтілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды деп жоспарлануда.
Асылбек Данияр