Педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы аяқталды. Саммиттің негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды.
Жиында кадрлық әлеуетті арттыру, білім сапасын жақсарту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды тақырыптар да көтерілді. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Ауыл мектептерінде оқыту процесін цифрландыру», сынды т.б тақырыптық бағыттар бойынша пленарлық секциялық отырыстар өтті және цифрлық көрме ұйымдастырылды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бүкіл әлем қазір жасанды интеллектіні жалпы адам өмірінде қолдану бағытында үлкен қозғалыс үстінде. Мұны енді оқушылар да, студенттер де пайдаланып жүргенін білесіздер. Жасанды интеллектіні сабақта мұғалімнің орнына емес, мұғалімнің көмекшісі ретінде ең бастысы әрбір баланың даму траекториясын анықтауда осы жасанды интеллектінің үлкен көмек бере алатынын көріп отырмыз. Жасанды интеллектінің білім сапасын арттырудағы тиімді жақтарын қарастыру мәселесін біз бүгін ой талқыға салып отырмыз.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы:
Орталық деңгейде біз биыл бірінші рет саммит форматын таңдап отырмыз. Оны таңдаудағы басты себебіміз, негізгі қаралатын тақырыптың өзектілігі. Яғни цифрлық білім беру саласын дамыту және білім беру саласында әсіресе орта білім беру саласында жасанды интеллекті пайдалану ерекшеліктері.
Серік Жұмабек