Қазақстандықтар 1 қыркүйектен бастап алаяқтар рәсімдеген несиені төлемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 1 қыркүйектен бастап алаяқтар рәсімдеген несиені төлемейді

21.08.2024

Казақстандықтар 1 қыркүйектен бастап алаяқтар рәсімдеген несиені төлемейді. Бұл өз еркімен кредит алудан бас тартқан азаматтарға ғана қатысты. Ал екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржы ұйымдары олардың атына алынған қарызды автоматты түрде есептен шығаруға міндеттеледі. Жалпы осы уақытқа дейін 461 мың қазақстандық eGov.kz порталы арқылы несие алудан өз еркімен бас тартқан. Оларға 6 ай көлемінде кредит берілмейді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу