Сондай-ақ Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан ғылым академиясының ғалымдары бас қосты. Мақсат - ғылым саласындағы мемлекетаралық ынтымақты одан әрі нығайту. Сондай-ақ жиында екі ел ғалымдарының ғылыми әлеуетін біріктіру, бір платформа аясында ғылыми зерттеулерді үйлестіру мәселелері талқыланды.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Қазір халықаралық аренада Орталық Азияның рөлі артып келеді. Тәжікстандық әріптестерімізбен бірге халықаралық жобалар жасау, оны іске асыру жоспарланып отыр. Өйткені екі елге ортақ дүние көп. Мәдениетімізден бастап ауа райына дейін ұқсас. Алдағы уақытта жер асты және жер үсті қазба-байлықтарын бірлесе зерттеу мәселесін де талқылаймыз.