Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылармен кездесті

21.08.2024

Kaspi қызметін пайдаланған қазақстандықтардан бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салық пен басқа да төлемдер түскен. Бұл туралы Президент қабылдауында болған компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе айтты. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынның шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалары жөнінде мәлімет берді. Бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін технологияның көмегімен дамытып жатыр.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалған. Мемлекет басшысы еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңызды екенін атап өтіп, Kaspi.kz акционерлеріне қолдау білдірді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу