Көшпенділер ойындарына құсбегілер қызу дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындарына құсбегілер қызу дайындалып жатыр

21.08.2024

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына құсбегілер де қызу дайындалып жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын 9 спортшы Ақмола облысында оқып, жаттығуда. Олар екі апта бойы бүркіт, қаршыға, ителгіні баптап, қанатты жыртқыштардың шеберлігін шыңдайды. Жаз бойы түлекте болған құстарды түркі әлемі көз тіккен дүбірлі додаға дайындайды.

Айта кетейік, бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте елордада өтеді. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Ибрагим Базарбаев, құсбегіліктен ұлттық құрама мүшесі:

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жақсы дайындалып жатырмыз. Бар білгенімізді, атадан үйренген өнерімізді, білімімізді салып жатырмыз. 


Хабарламаларға жазылу