Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғыны оқушы дәптері тиелген «Mercedes-Benz» жүк көлігін қасақана өртеп жіберген. Шығын көлемі 54 миллион теңгеден асады. Ал отқа оранған жүктің жалпы салмағы 20 тонна шамасында.
Бұл оқиға екі ай бұрын болған еді. Осы уақыт ішінде күдікті бой тасалап жүрген. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оның жасырынған жерін анықтап, қолға түсірді. Белгілісі, күдікті мен жүк көлігінің иесі арасында өзара келіспеушілік болған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал