9 мыңнан астам адамға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 мыңнан астам адамға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

21.08.2024

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы сомасы - 1,7 миллиард теңге.

Әлеуметтік төлем Президенттің Жолдауда берген тапсырмасы бойынша биыл 1 қаңтардан бастап беріліп жатыр. Оны алу үшін қызметкер 55 жасқа толған болуы шарт. Сонымен бірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті. Арнайы төлем тағайындауға өтініш білдіргендердің көбі Қарағандыда тұрады. Одан кейін Қостанай мен Шығыс және Павлодар облысының азаматтары. Тізімді әрі қарай Ақтөбе,Ақмола, Абай облысы жалғастырады.

Арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңге. Қызметкерлер жалақыны да, арнайы төлемді де алуды жалғастыра отырып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауыса алады немесе олар зейнетақы тағайындалғанша төлем ала отырып, демалысқа шыға алады. Арнайы төлем зейнет жасына дейін беріледі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу