Транскаспий бағытындағы жүк тасымалы 63% өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий бағытындағы жүк тасымалы 63% өсті

21.08.2024

Қытайдың Каспий арқылы транзит тасымалы былтырғымен салыстырғанда биыл 14 есе көбейген. Бұл туралы Көлік министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Ақпаратқа сай жалпы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалы 63% өсіп, 2,5 млн тоннаға жеткен. Сондай-ақ жыл сайын жүктердің номенклатурасы кеңейіп келеді. Жыл соңына дейін Ақтау және Құрық порттары арқылы тиеп ауыстырылатын жүк көлемі 8 млн тоннаға жетуі мүмкін. Оның ішінде Транскаспий бағыты арқылы 4,2 млн тонна жүк жөнелту көзделген. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу