Алаяқтар жалған түбіртек таратып, халықты алдап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар жалған түбіртек таратып, халықты алдап жүр

20.08.2024

Енді ұялы телефоныңызға хабарласып, суық және ыстық суды есептеуіштің көрсеткіші жайлы ақпарат сұраса, ешкімге айтпаңыз. Өйткені алаяқтар өздерін тұрғын үй шаруашылық саласының маманымын деп таныстырып, тұтынушы туралы мәліметті біліп алады. Кейін түрлі айласын іске асыруы мүмкін. 

Айдана Қуантхан, тілші:

Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін тауыпты. Олар пошта жәшіктеріне өздерінің байланыс деректерін көрсетіп, есептегіштерді тексеру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлама қалдырады. Егер одан бас тартқанда, ай сайынғы төлем айтарлықтай өседі, артынан айыппұл төлейсіз деп қорқытады.

Менің қолымда екі түбіртек бар. Мынау шынайы болса, мынау жалған түбіртек. Оның әрленуін де өзгешелік болады. Ал күмән тудыратын жағдай болса, коммуналдық төлем түбіртегінде көрсетілген нөмерге хабарласып, алдымен мән-жайды анықтауыңыз керек.

Сондай-ақ алаяқтар су жабдықтау мекемесінің атынан хабарласады. Олар сізден ыстық және суық судың көрсеткішін сұрайды. 

Себебі алаяқтар құрығына түсіріп, жеке мәліметтеріңізге қанық болады. Кейін сіздің атыңыздан несие рәсімдеп, айласын асыруы мүмкін. Ал оның кесірі өзіңізбен қоймай, жақындарыңызға да тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болған жөн.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу