Түркияда 17 мың гектар орман күлге айналды
Түркияда өткен жылмен салыстырғанда орман өрті бірнеше есеге көбейген. Мәселен, былтыр жеті айда 8 мың 865 гектар орман өртенсе, биыл 17 мың 456 гектар орман күлге айналған. Сегіз айда 2 мың 529 орман өрті тіркеліпті. Осы тамыз айының басынан бері 439 жерде орман өртенген. Мамандар бұның бір себебі күннің күрт ысуы мен ылғалдың азаюы дейді. Қыста қар мен жауынның аз түсуінен топырақ құрғап, өсімдік аз шығады. Сонымен қатар адамдардың жауапкершілігі де азайған. Өйткені биылғы орман өрттерінің 90 пайызы адамдардың кесірінен шыққан. Өткен бір апта ішінде орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 12 адам қамауға алынды. Қазір шығын есептеліп жатыр.
Окай Мемиш, Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы:
Орман өртінен зардап шеккен облыстарымызда от шалған ғимараттарды анықтау, олардың шығындарын есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы комиссияның берген соңғы мәліметіне сай, орман өртінің кесірінен 142 ғимарат өртенген. Олардың ішінде тұрғын үйлер, жұмыс орындары мен қора-жайлар да бар. Сондай-ақ 4700 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09