Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 2,5 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 2,5 есеге өскен

20.08.2024

Соңғы 7 жылда Қазақстаннан өзбек еліне 670 миллион доллардан астам инвестиция мен несие қаражат тартылған. Ал бүгінгі күні Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1043 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Жалпы, Қазақстан – сыртқы сауда көлемі бойынша Өзбекстанның негізгі үш сауда серіктесінің бірі. 2016-2023 жылдар аралығында сауда көлемі 2,5 есеге өсіп, 4,5 миллиард долларға жетті. Өзбекстан мен Қазақстанның экономикалық ынтымағы ТМД аясында екіжақты және көпжақты келісімдерге сай «Еркін сауда» режимінде жүзеге асырылады.


Базаргүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу