Қазақстандық 40 кәсіпкер Германияда тәжірибесін шыңдап, бизнестерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Атамекен кәсіпкерлік палатасының өкілдерінің айтуынша, басты талап – бизнес жоба ұтымды болуы тиіс. Бұл Қазақстан мен Германия елдерінің іскерлік қарым-қатынасының аясында жүзеге асуда. Жоба басталған 15 жылдың ішінде 700-ден астам кәсіпкер Германияда білімдерін кеңейткен.
Гүлия Жүнісова, «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары:
Жыл сайын 40 кәсіпкерді Германияға жібереміз. Кәсіпкердің жобасы жақсы болса, Германияға тегін жібере береміз. Біздің кәсіпкерлер тек билет сатып алады. Қазақстан Германияға, Германия Қазақстанға. Біздің кәсіпкерлер неміс әріптестерін таба алады.
Герлинд Хекманн, Германияның экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінің өкілі:
Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған бағдарлама аясында қазақстандық кәсіпкерлердің түрлі бағытта тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар, медицина саласы бойынша бизнес-тәжірибеден өте алады.
Самал Қабышева