Алматыда 11 жастағы бала 4 метрлік шұңқырға құлап кетті. Оқиға «Елисей» саябағының маңында болған. Түсірілген кадрдан оның велосипедпен артқа жылжып, байқаусызда құлағанын көруге болады. Абырой болғанда, жасөспірім ауыр дене жарақатын алмаған. Жедел жәрдем көлігі науқасты №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. Қажетті медициналық тексеруден кейін ол амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Баланың жағдай жақсы, - дейді дәрігерлер. Ал қалалық полиция департаменті осы фактіге қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қуан Нұрақын