Қазақстан мен Марий Эл республикасы арасында алыс-беріс артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Марий Эл республикасы арасында алыс-беріс артпақ

19.08.2024

Қазақстан мен Марий Эл республикасы арасында алыс-беріс артпақ. Экономика, білім, туризм сияқты салаларда ортақ жобаларды жүзеге асыру маңызды, - дейді мамандар. Екіжақты байланысты нығайту үшін тікелей әуе рейстері де ашылады деген жоспар бар.

Еділ өзенін жағалай орналасқан елдердің ішінде өзінің діни және мәдени ерекшіліктерін бүгінге дейін сақтай алған халықтардың бірі – марилер. Ресей құрамындағы Марий Эл республикасының халық саны 670 мыңнан сәл асады. Шағын ғана республика 70-тен астам мемлекетпен экспорт-импорт бойынша байланысты нығайтқан. Солардың ішінде Қазақстан басты сауда серіктестердің қатарында.

Юрий Зайцев, Марий Эл республикасының басшысы:
Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында да әріптестікті арттыру керек. Туризм саласының да әлеуеті жоғары. Бірлескен жобаларға басымдық берсек, алыс-беріс артатын еді.

Қазір Ресейде 70-мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Марий Эл республикасында орналасқан екі жоғары оқу орнында да отандастарымыз білім алып жүр.

Игорь Петухов, ректор:

Шетелдік студенттермен жұмыс істеу бізге ыңғайлы. Сондықтан білім саласында Қазақстанмен ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатымыз. Өз тарапымыздан әріптестікті тереңдетуге ниеттіміз.

Осыған дейін студенттер Қазан қаласы арқылы қатынап жүрсе, әуежай күрделі жөндеуден өткен соң Қазақстанмен тікелей әуе рейстері де ашылады. Жалпы марилермен мәдениет, өнер саласында да байланыс үзілген емес.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу