Қызылордада спорт күніне орай велошеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада спорт күніне орай велошеру өтті

19.08.2024

Қызылордада спорт күніне орай велошеру өтті. Жарыс жолына жергілікті велоспорт мектебінің оқушыларымен бірге салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындары да қатысты. Жылдан жылға облыста әуесқой велоспортшылардың қатары көбейіп келеді. Биыл 100-ден аса велошабандоз қатысып, Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтті. Кәсіби мерекеге орай бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу