АҚШ мемлекеттік хатшысы соғысты тоқтату үшін Таяу Шығысқа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ мемлекеттік хатшысы соғысты тоқтату үшін Таяу Шығысқа барды

19.08.2024

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығысқа барды. Сапардың мақсаты - Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу. Блинкен Тель-Авивте Израиль сыртқы істер министрі Исаак Герцогпен кездесті. Олардың қатысуымен келіссөздер Мысыр астанасы Каирде өтуі керек. Өткен аптада дипломаттар Израиль-Хамас соғысына нүкте қою мәселесін екі күн бойы Дохада талқылады.

Жақында Хамас пен Хезболла лидерлері өлтірілгендіктен Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейе түсті. Енді аймаққа тағы бір үлкен соғыс қаупі төніп тұр.

Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

Бұл - шешуші сәт. Бәлки ол - ең жақсы әрі соңғы мүмкіндік. Кепілдегілерді босатып, атысты доғарып, тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке жол ашуымыз керек. Жағдай шиеленісіп тұр. Израильге Иран мен Хезболла тарапынан шабуыл жасалу мүмкіндігі де бізді алаңдатып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу