Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан 400-ге жуық үйдің құрылысы он күнде аяқталады. Өңірге барған Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев, құрылыс барысын көрді. (( КСМ: )) Қоржын, Өлеңті мен Жымпиты ауылдарында баспана құрылысы қарқынды. Біразында электр желілері мен жылу құбырлары тартылған. Ал ішкі әрлеу жұмыстары бойынша Қоржында 79, Дерқұлда 103, Зашаған ауылында 70 үй жөнделіп жатыр. Қанат Бозымбаев әрлеуші бригада санын көбейтіп, жұмысты сапалы аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, облыста 20 мыңнан астам отбасыға бірреттік өтемақы төленді.
Қадыржан Сүйеуғалиев, Қаратөбе ауданының әкімі:
80%-ға жақын жұмыстарымыз аяқталды. Газ тарту жұмыстары, су жалғау жұмыстары +25-ші тамызға дейін негізгі жұмыстарын аяқтап, бірінші қыркүйеккке дейін үйді тапсыру жоспарымызда бар.
Тасқыннан зардап шеккен 26 отбасы баспаналы болды
Ал Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 26 отбасы баспаналы болды. Аудан бойынша тасқын салдарынан 51 үй тұруға жарамсыз болып қалған еді. 25 отбасы дайын үйлерді сатып алып, қоныс тойын тойлап үлгерді. Тағы 64 баспананы жөндеу үшін қаржы берілді.Ал, бұл жолы тұрғындар жаңа үйлерге ие болды. Мердігер компания өкілдері тұрғындарға тұрмыстық техникаларды тарту етті. Құрылыс жұмыстарына 751 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Орысбай Тұрсынбеков, Т.Жүргенов ауылының тұрғыны:
Семья жағдайы ғой. Үіміз суға кеткеннен кейін үш семья бір үйде отырдық.Оңай емес. Үш айда салып болды үйімізді.
Данияр Әлімқұл