«Kids EXPO. Балалар әлемі». Астанада осындай атаумен мектепке қажет құрал-жабдықтардың жәрмеңкесі өтті. Мұнда адам қарасы көп. Себебі, баға арзан. Мәселен, мектеп формасы 12000тг, қалың дәптер 80тг-ден басталады. Тіпті, арнайы акцияға қатысып, жұқа дәптерді 5 тг-ге де сатып алуға болады. Жәрмеңке қонақтары үшін түрлі ұтыс ойындары мен ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылған. Іс-шараның ашылу салтанатында аз қамтылған отбасындағы 36 оқушыға арнайы сөмкелер табысталды. Айта кетейік, жәрмеңке 18 тамызға дейін жалғасады.
Дәрменияр Қыдырбек, Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі:
Биылғы жылы үшінші рет өткізіліп жатыр. Арнайы жәрмеңке. Бұл жәрмеңкенің ең негізгі мақсаты қолжетімді бағалармен мектепке даярлық тауарларды сату. Бәріңіз білетіндей «мектепке жол» акциясы басталды 1-тамыздан бастап. Сол акция барысында Қазақстан бойынша барша мұқтаж отбасыларына, жағдайы жоқ отбасыларына мемлекет тарапынан әсіресе кәсіпкерлер тарапынан құрал-жабдық, рюкзактар тапсырып жатырмыз.
Мақпал Жақыпбек