Қызылордада зәбір көрген оқушыға қамқор бола алмаған қызметкерлер жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада зәбір көрген оқушыға қамқор бола алмаған қызметкерлер жұмыстан қуылды

16.08.2024

Қызылордада зорлық-зомбылық көрген оқушы қызға қатысты жауапты тұлғалар жұмыстан қуылды. Мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог және психолог пен мектеп инспекторы қызметтен кетті. Ал облыстық білім басқармасының басшысына ескерту берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы №7 мектеп-лицейінде оқитын 16 жасар қызды сыныптастары қоқан-лоққы көрсетіп, алты ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір қылмыстық іс бойынша күдіктілер уақытша қамауға алынып, мән-жайы анықталуда. Бұл жайсыз оқиға қоғамда үлкен дау туғызды. Жарты жыл бойы жәбір көріп келген оқушы жиі сабақтан қалған. Бірақ, оған білім ордасында ешкім мән бермеген.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

Тәртіп болу керек. Әркім істеген жұмысына жауап беруі керек. Алдағы уақытта ондайға бармауы керек. Ал енді тергеу әділ болу керек. Таза болу керек. Кінәлі адамдар қатаң жауапқа тартылу керек. Мұны бақылап тұратын боламын.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу