Қосшыда үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосшыда үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді

16.08.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше нысанды аралап көрді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттарына сай бой көтерген білім ошағында болып, оқушыларға Қазақстанда жасалған автобус пен өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйға тартты. Жұмыс сапарының барысы туралы Оңғар Алпысбайұлы.

Жуырда ғана пайдалануға берілген мына мектеп қосышылықтар үшін қуанышты жаңалық болды. 1500 орынға шақталған білім ордасы үш аусымды мектептердің мәселесін шешіп берді. Нысан «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, жергілікті білім бөлімінің басқаруына берілген.

Дидар Асқаров, мектеп гимназияның директоры:

Бұл жерде қосымша арнаулы білім беруге арналған арнаулы кабинеттер бар. Бізде 54 сыныптьық кабинет, 63 мамандандырылған кабинет бар. Мысалы түске дейін бала сабақ оқыса түстен кейін арнаулы кабинеттерде үйірмелер 100 пайыз жабдықталған.

Оқушылар мұнда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында спорт секцияларына және шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би, хор, фортепиано, домбыра, роботты техника секілді үйірмелерге тегін қатыса алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан озық мемлекет болады десек, осындай робюототехниканы игеру өте қажет нәрсе, қажет білім. Сондықтан, балаларымыз білімді болсын әрқашан да.

Оқушылармен тілдескен мемлекет басшысы оқуларына сәттілік тілеп, батасын берді.

Қасиет Сейілбек, оқушы:

Робототехникада мен әртүрлі роботтар құрастырып, программалар жазуды үйрендім. Компьютермен жұмыс жасап, роботтар қалай жұмыс жасайтынын барлығын біліп, үйрендім. Біз үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Сізді көргеніме өте қуаныштымын.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бұл мектеп беретін терең білімімен ғана емес балаларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесуімен және өмірлік қажетті дағдыларды қалыптастыруымен ерекшеленеді. Мәселен мына симулятор 10-11 сынып оқушылары үшін жол ережелерін толық үйретіп, көлік жүргізуге дағды қалыптастырады. Дегенмен оқушыларға жүргізуші куәлігін оқығандығы туралы сертификат берілмейді. Тек, болашақта оқыған кезде оған жеңіл болады.

Қосшы қала статусын 2021 жылы алған. Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта үш жайлы мектеп, екі балабақша салу көзделген. Қала өскен сайын тұрғындарды жайлы өмірмен қамтамасыз ету мәселесі де қиындап барады.

Қаланың бас жоспары әзірленді

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қосшы қаласының инженерлік желілері 2020 жылғы бас жоспар бюойынша салынған. Бар-жоғы 20 мың адамға шақталған. Ал қазір бұл қалада 110 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Яғни, инженерлік желілер жеткіліксіз. Жүктемесі ауыр болып тұр. Сондықтан Қосшы қаласының жаңа бас жоспары әзірленді. Бұл қала 150 мың адамға шақталған. Қазір бұл жоспар профильді министрліктердің талқылауында.

Президентке бас жоспардың жобасын таныстырған қала әкімі 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланғанын жеткізді.

Тамақ өнеркәсібіне жан-жақты қолдау көрсетіледі

Одан соң Президент жартылай фабрикаттар өндірісімен танысты. Жұмысын биыл бастаған кәсіпорында құс етін терең өңдеп, тез дайындауға болатын түрлі тағамдар шығарылады. Шикізат облыстағы құс фабрикаларынан жеткізіледі.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазір бұл цехта жылына 3300 тонна осындай дайын өнім шығып жатыр. Бұл жүз пайыз тұтынуға жарамды өнімдер.

Бұл өндірістік кешеннің бастапқы кезеңі. Кәсіпкерлердің жоспары әлі де ауқымды.

Талғат Тұрсынов, сапаны бақылау бөлімінің басшысы:

Болашақтағы жоспарымызды айта кетсек жылына 10-12 мың тонна тағамды шығару. Екіншіден экспортқа шығу. Үшіншіден дайын тағамдарды шығару.

Президент отандық тамақ өнеркәсібін дамыту маңызды екеніне тоқталып, мұндай кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу