Түркі академиясы халықаралық ұйымының бастамасымен басылған еңбекке Түркия профессоры Суер Екер жетекшілік етті. Тарихшылар әлемнің 26 мемлекетін аралап, 130 ғалымның 132 зерттеуін топтастырды. Жалпы, түркі халықтарында 40-қа жуық тіл мен 50 диалект тіркелген. Оның ішінде жоғалудың сәл-ақ алдында тұрған сары ұйғыр мен қарай тілдері де осы туындыға енді. Түркия профессорының айтуынша, қырымдағы қарайлар өз тілдерін ұмытқан. Небары 10 адам ғана қарайша сөйлейді екен.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ