Қазақ-өзбек шекарасында көне заттарды заңсыз өткізбек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек шекарасында көне заттарды заңсыз өткізбек болған

16.08.2024

Қазақ-өзбек шекарасында көне заттарды заңсыз өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды. Өткен ғасырда жасалған құнды жәдігерлерді сыртқа шығаруға тыйым салынған.

«Гишткуприк» шекара бекетінде Қазақстанға қарай өтпек болған тұрғынның қол жүгін тексеру кезінде кеденшілер медициналық құрал-жабдық пен микроскоп және 4 көне самауырды тапқан. Бұл заттар кедендік декларацияда көрсетілмеген. Айта кетсек, Өзбекстанда жарты ғасыр және одан да көп уақыт бұрын жасалған бұйымдарды сыртқа алып шығуға заң бойынша рұқсат жоқ. Тексеріске сәйкес бұйымдардың 1920 жылы шығарылғаны анықталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу