«QazaqGaz» отандық тауар өндірушілерді қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QazaqGaz» отандық тауар өндірушілерді қолдайды

15.08.2024

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы отандық тауар өндірушілерді қолдауды әрі қарай жалғастыра бермек. Соның бір дәлелелі – бүгін 25 офтейк-келісімге қол қойылды. Бұл тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік. Кәсібін дамыту үшін банктерден қаржы алып қана қоймай, өздеріне инвестиция құйып өндіретін тауар көлемін арттыра алады.

Жыл басталғалы «QazaqGaz» отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 821 миллион теңгеден асатын сомаға офтейк-келісім жасаған. Бүгін тағы 30 миллиард теңгенің жаңа келісімдеріне қол қойылды. Бұл жаңа өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға жол ашады. Сондай-ақ, жаңа өнім өндіруге де таптырмас құрал болмақ.

Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

«Самұрық-Қазына» портфелдік компаниясы, өзіміздің «QazaqGaz» компаниясы портфельдік компания ретінде тапсырмасын орындап жатыр. Ең басты тапсырма – ол біздің сатып алу жүйесінде кемінде 10 пайыз отандық тауар өндірушілері болуы тиіс. Бүгінгі уақытта біз бұл тапсырмасы толықтай орындадық.

«QazaqGaz» тендерлерде «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілеріне басымдық береді. Биыл жеті айдың ішінде қордың отандық тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілген сатып алу сомасы 34 миллиард теңгеден астқан.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы:

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы мұнай-газ саласына қатынасы бар. «QazaqGaz»-дың бүгінгі істеп жатқан шарасы отандық кәсіпкерлерге керек өндірісті, құрал-жабдықтарды отандық зауыттардан тапсырыс беру.

«QazaqGaz» компаниясы 100-ге жуық тауар өндірушіні қолдап келеді. Газ саласында қызмет ететін кәсіпорындарға да қойылатын талап бар. Батысы - қауіпсіздік. Одан соң тауардың сапасы әрі өнімнің уақытылы тапсырылуы.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу