Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы басталды

15.08.2024

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы басталды. Шаруалар бірінші кезекте күздік бидайды жинауға кірісті. Биыл 4,4 млн гектар жерге тұқым сіңірілген еді. Оның 3,3 млн гектары бидай және бұршақты дақылдар. Жаз жаңбырлы болғанына қарамастан алқаптардың 76 пайызының жағдайы жақсы. Қалғаны қанағаттарлық деңгейде. Мамандардың айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш. Өңірде 7,3 мың комбайн, 4 мыңға жуық жоғары өнідмі техника мен 13 мыңға жуық трактор бар. 46 элеватор жұмыс істеп тұр. Облыстағы астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 6,9 млн тонна. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше өнімді сақтауда проблема туындамайды.

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу