Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бір аптада 8000-нан астамнан індет анықталған. Іргелес елдегі эпидемиялық ахуал туралы Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар хабарлайды.
59 өңірде науқас саны көбейді. Осыған дейін тіркелген штамдар мутацияға ұшырап, жаңа вирустар тарауда. Науқастардың үштен бірінде флирт деп аталатын коронавирустың түрі кездесуде. Бір аптада инфекция анықталған адам саны бірден 28 пайызға артқан, 14 тұрғын қайтыс болды.
Геннадий Онищенко, инфекционист дәрігер:
Бүгінгі күні вирустың түрін тез анықтауға мүмкіндік бар. Ресейдің ірі қалалары, өңірлерінде ауруды анықтау жағы жақсы жолға қойылған. Дегенмен аурудың белгілері байқалған жағдайда үйде емделмей, бірден дәрігерге көрінген жөн. Өкінішке орай тұрғындар осыны назарға алмайды.
Дегенмнен ресейліктерді жаппай вакцинациялау жоспарда жоқ. Өйткені дәрігерлердің айтуынша, мутацияға ұшыраған вирустар көбіне созылмалы ауруы барлардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Бірақ кейбір мекемелерге кіру үшін коронавирусты жұқтырмағанын растайтын ПТР тест нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы тиіс.
Индира Бегайдар