Елге құны 1 трлн теңгеден асатын активтер қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге құны 1 трлн теңгеден асатын активтер қайтарылды

14.08.2024

Елге құны 1 трлн теңгеден асатын активтер қайтарылды. Бұл 2,5 жылда атқарылған жұмыстың нәтижесі. Заңсыз активтердің ішінде жылжымайтын мүлік, қымбат зергерлік бұйым, бағалы қағаздар сынды дүниелер бар.

Мәселен заңсыз активтер тәркіленген елдердің ішінде Аустрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия бар. Бір ғана Қайрат Сатыбалды мен оның сыбайластарынан тәркіленген дүние-мүліктің жалпы құны 733 млрд теңгеге жуықтаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік елдің қаражатын талан-таражға салғандармен күресті күшейтіп, заңсыз активтерді қайтару жұмыстарын жалғастыра бермек.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу