Ұлытау облысында мәдениет басқармасының басшысы мемлекет қаржысын жымқырған. Экс-басшы бюджеттің 2,3 миллион теңгесін қолды қылған. Жыл басында ол пара алды деген күдікке ілініп, 6 жылға сотталған еді. Енді бұл жазаға тағы жарты жыл қосылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан біржола айырылды.
Жандос Бақытұлы