Ақ үй: Иран Израильге осы аптада соққы беруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үй: Иран Израильге осы аптада соққы беруі мүмкін

13.08.2024

АҚШ барлау қызметінің дерегінше, Иран Израильге осы аптада шабуыл жасауы мүмкін. Мұны Ақ үй мәлімдеді. «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясы ықтимал шабуылға мейілінше дайын отыр. Пентагон Таяу Шығысқа атомдық сүңгуір қайық жіберді. Өңірдегі ахуал Хамас басшысы Исмаил Ханияның қазасынан кейін ушықты. Иран шабуылға байланысты Израильді айыптап, одан кек алуға уәде берді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия Иранды Израильге қарсы шабуыл қаупін тоқтатуға үндеді. Ал «Хамас» пен Израильді оқ атуды тоқтатуға шақырды. Қарсыласқан тараптар бейсенбіде Каир немесе Дохада келіссөзді қайта бастауы мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу