Қазақстан келер жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы зымыранын ұшырмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан келер жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы зымыранын ұшырмақшы

13.08.2024

Қазақстан келер жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы зымыранын ұшырмақ. Бүгінде екі ел арасындағы келісім аясында «Бәйтерек» кешені жаңғыртудан өтуде. Бұрынғы 45-ші ұшыру алаңы Қазақстан меншігіне өтіп, кешен заман талабына сай қайта жабдықталуда. Жобаны жүзеге асыруда мамандар «Зенит-М» ғарыштық зерттеу базасын пайдаланып жатыр. Ал зымыранды Ресейлік ғалымдар құрастырады. Бағдарламаны кезең-кезеңімен іске асырып, 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Негізгі мақсат - экологияға зиян келтірмейтін ғарыш кешенін құру. Сол бағытта алғашқы тәжірибелер келер жылы басталып, отандық «Бәйтерек» алаңынан зымыран ұшыру көзделіп отыр.

Сырым Ынтымақов, «Бәйтерек» БК» АҚ Байқоңыр филиалының директоры:

Осы күнге дейін эскиздік жоба жасалынды, инженерлік іздеу жұмыстары бітірілді, қазіргі таңда конструкторлық құжаттар әзірленуде. Осы жұмыстардың негізінде біздің мақсат 2025 жылы желтоқсанда «Союз-5» атты зымырантасығышын «Бәйтерек» зымыран кешенінде алғашқы ұшырылымды жүзеге асыру.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу