Талдықорғанда АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау өтті

13.08.2024

Жетісу облысы бір жылда 1,9 млрд киловатт электр энергиясын тұтынады. Оның тек 630 млн киловаты осы өңірде өндірілсе, қалғанын сырттан сатып алып отыр. Сондықтан елімізге атом электр станциясын салу өте маңызды. Талдықорғанда Атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық талқылау өтіп, мамандар атом энергиясының тиімділігін түсіндірді. Басқа елдерде оның қалай жұмыс істеп жатқанын мысалға алып, ондағы қауіпсіздік шараларын да айтып өтті.

Құсайын Мұстафа, «Қазақстан Чернобыль ардагерлері» қауымдастығы орталық кеңесінің төрағасы:

Атом электр станциясы қазіргі кезде алға қаратай дамитын болсақ, жаңадан өнеркәсіптерді ашатын болсақ, алда. Халқымыздың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан бізге энергиясыз болашақ жоқ десе де болады. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу