Қазақстанның мұнай саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мұнай саласында маман тапшы

12.08.2024

Елімізде мұнай саласында маман тапшы. Тіпті, оларды дайындайтын жоғары оқу орны жоқтың қасы. Бұл туралы Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов айтты. Оның сөзінше, қазір жұмысшыларды бейімдеу үшін мұнайға қызмет көрсету саласының компаниялары өздерінің мектебін ашқан. Сонымен бірге мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік серіктестермен келісімшартқа отырып, тәжірибе алмасуға жіберіп отырамыз, - деді.

Бұдан бөлек брифингте Қазақстанда мұнай-газ саласында жобалау жұмыстарын жүргізу жайы айтылды. Өзекті түйткілдерге тоқталып, оны шешу жолдарын айқындады. Мәселен, елімізде мұнай өндіруші компаниялардың өнімі 4%-дан аспайды. Сол үшін алдағы уақытта өндірушілер мен тұтынушылардың байланысын нығайту көзделіп отыр. Саладағы кәсіпорындарды 3 алпауыт операторлармен таныстырып, олардың арасында ынтымақтастық орнату жоспарланған.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы:

Соңғы 3 айда бүкіл аймақты аралап шықтық. Тіпті, Солтүстік Қазақстанда мұнай саласына сіздердің өнімдеріңіз қажет дегенде таң қалған өндіріс орындары да болды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. «Қазақстанда өндірілді» деген сапалы тауар көп болу керек деп есептейміз.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу