Орталық Азиямен ықпалдастық орнатуға мүдделі елдер көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиямен ықпалдастық орнатуға мүдделі елдер көбейіп келеді

10.08.2024

Орталық Азиямен ықпалдастыққа жаһан елдері, халықаралық ұйымдар қызығушылық танытып отыр. Осылайша өңірдің әлемдік арена субъектісі ретіндегі орнын бекітуге маңызды қадам жасалып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» деген мақаласында осылай деп жазды.

Қазіргі таңда осы 5 елмен байланыс орнатуға мүдделі елдер қатары артып келеді. Бүгінге дейін «Орталық Азия плюс» форматында 9 саммит және жоғары деңгейдегі кездесу өткен. Біз мұндай мүмкіндікті бірлесе пайдалануымыз керек деді,- Президент. Соңғы жылдары Орталық Азия елдері арасындағы байланыс та қарқынды дамып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кейінгі 5 жылда өзара сауда айналымы 2 есеге жуық көбейіп, 5,7 миллиард доллардан 11 миллиард долларға дейін артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ішкі тауар айналымы 25%-ға өсті. Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдерімен саудасы былтыр 26,8%-ға артып, 8 миллиард долларға жетті. Бірлескен ірі жобалар оған қатысушы елдерге қомақты пайда әкеліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертіп отыр, - деп жазды Президент. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу