Парижде «Қорқыт» атты қазақ мәдени орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде «Қорқыт» атты қазақ мәдени орталығы ашылды

24.01.2017
Ұйымды Францияда қазақ музыкасын дәріптеп жүрген қос қандасымыз - Айгерім Ерсайынова мен Айгерім Матаева құрып отыр. Орталықтың басты мақсаты - франциялықтар асырап алған қазақ балаларына, кезінде Түркиядан қоныс аударған қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйрету.

Сондай-ақ, балғындар мұнда домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай сынды қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауға машықтанады.

Балаларға қажетті қазақша кітаптарды алдыртуға еліміздің Франциядағы елшілігі қол ұшын берді. Әзірге орталықтың өз ғимараты жоқ. Сабақ жалға алынған Түркия мәдени орталығының бөлмелерінде өтеді.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу