Отарда ес-түзсіз ауруханаға түскен сарбаз үйіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отарда ес-түзсіз ауруханаға түскен сарбаз үйіне шықты

09.08.2024

Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Константин Авершин әлеуметтік желіде жазды. Есін жиған сарбаз дәрігерлер мен қолдау білдірген жандарға алғыс айтты. Анасы да қуанышымен бөлісіп, ізгі тілегін жеткізді.

Нұржігіт Әбділпатта, сарбаз:

Бүкіл дәрігерлерге рахмет деймін. 
Жанна Жаналина, сарбаздың анасы:

Ұлымның қазірде жағдайы өте жақсы. Біз бұған өте қуаныштымыз. Оның айығып кетуіне үлес қосқан барлық дәрігерге алғыс айтамын. Ұлымның жағдайы айтарлықтай жақсарады деп күтпеген едік. 
Еске салсақ, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта Жамбыл облысындағы Отар ауылында орналасқан 30212 әскери бөлімінде қызмет етті. Жас сарбазды ауруханаға жатқызғаннан кейін туыстары оның әлімжеттік құрбаны болуы мүмкін деген болжам жасады. Қоғамда резонанс тудырған бұл жағдайды Президенттің өзі бақылауына алып, оқиғаның мән-жайын мұқият тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған еді.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу