Жерлесіміз Қытай елінде өтіп жатқан «I am a singer» ән байқауының алғашқы кезеңін жеңіспен бастады. Оның француз тілінде орындаған әнін қазылар үздік деп танып, Димашқа бірінші орынды берді. 14 кезеңнен тұратын байқаудың ережесі бойынша, алғашқы кезеңде 7 үміткердің біреуі жарыстан шығып қалады. Миллиардтар елін даусымен баураған қазақстандық әншінің Қытайда мыңдаған фанаты пайда болды.
Бақытжан ОМАР