Харрис пен Трамп арасында дебат өтетін күн белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Харрис пен Трамп арасында дебат өтетін күн белгіленді

09.08.2024

АҚШ-тың вице-президенті, Демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Камала Харрис пен экс-президент, Республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп қыркүйектің 10-да бетпе-бет дебат өткізуге келісті. 90 минуттық телевизиялық пікірсайыс Филадельфияда өтпек. Бетпе-бет кездесудің өту форматы мен ережелері әлі толық келісілген жоқ. Мичигандағы сайлауалды шара кезінде Харрис дебатты тағатсыздана күтетінін айтты. Ал Трамп болса, қарсыласымен екі дебат өткізгісі келетінін жеткізді. Алайда вице-президенттің кампаниясы бұған келісім берген жоқ.

Камала Харрис, президенттікке демократиялық партия атынан кандидат:

Қыркүйектің 10-да дебат өткізу туралы келісімге келгенімізге қуаныштымын. Асыға күтем. Трамп та келеді деп үміттенемін.

Дональд Трамп, президенттікке республикалық партия атынан кандидат:

Дебат өткізу өте маңызды. Оның уақыты белгіленді. Кейбір ұсақ-түйек мәселелер қалды. Олар оңай шешіледі деп ойлаймын.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу