Оралда дәмханадағы газ жарылысына кінәлі тұрғын 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Еске салайық, төтенше оқиға биыл қаңтарда тәулік бойы істейтін «Rizyq» дәмханасында болған еді. Түнгі екіде газ жарылып, екі қабатты ғимараттың күл-талқаны шығып, өртке ұласқан. Салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы алты тұрғынды күйік шалды.
Сот дәмхананы жалға алушы 34 жастағы Меңдібек Уәлиевті кінәлі деп тауып, 5 жылға соттады. Сонымен қатар ол үш жәбірленушіге жалпы сомасы 20 миллион теңгеге жуық материалдық және моральдық залал төлейтін болды.
Ардақ Мұратқызы