1,2 млрд теңге. Астана мен Алматыда олигархтардан тәркіленген жылжымайтын элиталық мүлік аукцион арқылы осынша миллиардқа сатылды. Сондай-ақ объектілерді жалға беру басталды. Осы бағытта Алматы қаласы және Жетісу облысындағы жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 млн теңге кіріс түседі. Ол қаражат мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында жіберіледі. Бұл активтерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар. Бас прокуратураның мәліметінше Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 млрд теңгені құрайтын 48 обьекті тапсырылған.
Жандос Темірғали